Самбодан Әлем кубогі: бір күміс бір қола жүлде жеңіп алдық

2026 жылғы 9–13 сәуір аралығында Ереван қаласында самбодан ересектер арасындағы Әлем Кубогі өтті. Аталған халықаралық додада Алматы қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары табысты өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтқанда, 65 келі салмақ дәрежесінде Тургунбоева Арухан қола жүлдегер атанса, 72 келіде Асемкамалкызы Аружан күміс медаль иеленді.

Спортшыларымызды жарқын жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да толағай табыстар тілейміз!