8–12 қыркүйек аралығында Астана қаласында шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті.
Ел чемпионаты аясында Алматы қаласының спортшылары бірнеше жүлделі орынға ие болды.
Әйелдер арасындағы 3000 метрлік эстафетада Алматы қаласының командасы 2 орын иеленді. Күміс жүлдеге Лишенко Алина, Клочкова, Амангожина, Сим және Филиппова спортшыларынан құралған команда қол жеткізді.
Сондай-ақ 1000 метр қашықтықта Жұмабеков Нуржан мәреге үшінші болып келіп, қола жүлдеге ие болды.
Көпсайыс қорытындысы бойынша Лишенко Алина 3 орын иеленіп, Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Алматы қаласының спортшыларын және олардың жаттықтырушыларын жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!



