Румынияның Рышнов қаласында өтіп жатқан шаңғымен тұғырдан секіруден Гран-при кезеңінде қазақстандық Данил Васильев
үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жарыс қорытындысында Данил 233,5 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді.
Бәсекеде бірінші орынды АҚШ спортшысы Джейсон Колби (244,9 ұпай) иеленді. Екінші орынға Польша өкілі Павел Васек (234,1 ұпай) жайғасты.
Сондай-ақ дәл осы бағдарламада сынға түскен тағы бір отандасымыз Илья Мизерных 219,6 ұпаймен 15-орын көрсетті.



