Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында алматылық Бэлла Самашева каратэ WKF-тен қола жүлдеге ие болды.
Спортшы әйелдер арасындағы 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Қола медаль үшін өткен жекпе-жекте отандасымыз өзбек спортшысы Севинч Рахимовадан басым түсті.
Айта кетейік, бұл спортшының жазғы Азия Ойындарына алғаш рет қатысуы.
Бэлла Самашеваны және жаттықтырушылар құрамын айтулы жүлдемен құттықтаймыз! Еліміздің көк байрағы Азия ойындарының биігінде желбірей берсін!



