17–21 қыркүйек аралығында Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында FIAS World Sambo Cup 2026 — самбодан Әлем кубогі өтуде.
Халықаралық додаға әлемнің 14 елінен 233 спортшы қатысуда. FIAS ресми дерегіне сәйкес, жарысқа 15 елдің өкілдері қатысып отыр.
Әлем кубогінде Алматы қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары жүлделі орындарға ие болды.
Аружан Асемкамалқызы — 72 кг салмақ дәрежесінде III орын;
Арухан Тұрғынбоева — 65 кг салмақ дәрежесінде III орын.
Алматы Жоғары спорт шеберлігі мектебі спортшыларды және олардың жаттықтырушыларын жүлделі орындарымен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейді!



