ЛОС-АНДЖЕЛЕС 2028: КАТАРДА АТУ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Катар астанасы Дохада нысана көздеу және стенд атудан ISSF әлем чемпионаты басталды. Байрақты бәсеке 14 қарашаға дейін жалғасады.

Әлем чемпионатында 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына арналған алғашқы лицензиялар сарапқа салынады. Жалпы 12 дисциплина бойынша 36 олимпиадалық жолдама үлестіріледі.

Қазақстан құрамасы сапында 22 спортшы ел намысын қорғайды. Алматы қаласынан нысана көздеуден 6 спортшы, стенд атудан 1 спортшы сынға түседі.

Спортшыларымызға сәттілік пен жоғары нәтиже тілейміз!