Шымкентте стенд атудан ҚР чемпионаты басталды

2026 жылдың 31 тамыз – 6 қыркүйек аралығында Шымкент қаласында стенд атудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Ел чемпионатына еліміздің 7 өңірінен келген спортшылар қатысуда.

Жарыстың алғашқы күнінде спортшылар «скит» және «трап» дисциплиналары бойынша жеке есепте сынға түсіп, үздіктерді анықтады.

Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары 3 алтын және 1 күміс жүлде жеңіп алды.

  1. Ибрагимова Элеонора — «трап» — 1 орын;
  2. Ещенко Александр — «скит» — 1 орын;
  3. Бердов Руслан — «трап» — 1 орын;
  4. Чикулаев Артем — «трап» — 2 орын.

Қазақстан чемпионаты 6 қыркүйекке дейін жалғасады. Жарыс барысында спортшылар стенд атудың өзге де дисциплиналары бойынша жүлдеге таласады.

Спортшыларға сәттілік тілейміз!