2026 жылғы 5–9 қараша күндері Астана қаласында каратэден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Ел біріншілігінде Алматы қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы 7 медаль жеңіп алды.
Жеке сайыста:
Сигалова Владлена (ката) – 1 орын
Тизимбай Нурия (68 кг) – 1 орын
Ұлбек Диас (+84 кг) – 1 орын
Даренская Дайяна (68 кг) – 2 орын
Ислям Аружан (ката) – 2 орын
Аянұлы Санжар (+84 кг) – 3 орын
Командалық сайыста Самашева Б., Даренская Д., Тизимбай Н., Барлыққазы А. және Дүйсенғазы Н. құрамындағы команда күміс жүлдеге ие болды.
Алматы қаласының спортшыларын және жаттықтырушылар құрамын лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!



