САМБОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА АЛМАТЫЛЫҚ СПОРТШЫ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

6–8 қараша күндері Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында самбодан Әлем чемпионаты өтті.

Дүниежүзілік додаға 100 мемлекеттен 500-ден астам спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Аталған чемпионатта Алматы қаласының намысын қорғаған Аружан Әсемқамалқызы жоғары нәтиже көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды.

Аружанды бұл жетістігімен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыс тілейміз!