Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында нысана көздеуден Қазақстан командасының қоржынына қола медаль түсті.
Ерлер арасында винтовкамен 50 метрден 3 позицияда оқ атуда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері алматылық Ислам Сәтпаев 3 орыннан көрінді. Ол финалда 348.3 ұпай жинады.
Спортшымызды және жаттықтырушылар құрамын қола жүлдемен құттықтаймыз!



