ДІНИ ТЕРРОРИЗМ МЕН ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ДӘРІС ӨТТІ

2026 жылғы 15 қыркүйекте Алматы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушылары мен қызметкерлеріне діни терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру дәрісі өткізілді.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлердің діни экстремизм мен терроризм қатерлері туралы ақпараттану деңгейін арттыру, қауіптің алдын алу және жастар арасында толеранттылық пен қоғамдық тұрақтылық құндылықтарын қалыптастыру.

Дәріс барысында жаттықтырушыларға және қызметкерлерге радикалды идеологияның таралуына жол бермеу, сондай-ақ қоғамдағы діни сауаттылықты арттыру мәселелері түсіндірілді.