ШОРТ-ТРЕКТЕН ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚР ЧЕМПИОНАТЫ: АЛМАТЫ СПОРТШЫЛАРЫ АРАЛАС ЭСТАФЕТАДА КҮМІС МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

14-19 қыркүйек аралығында Астана қаласында шорт-тректен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының жекелеген қашықтықтар бойынша чемпионаты өтуде.

Жарыс аясындағы аралас эстафетада 2000 метр қашықтықта Алматы қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары жүлделі II орынға ие болды.

Күміс жүлдеге ие болған спортшылар:

  • Валерий Клименко
  • Нуржан Жумабеков
  • Богдан Черноморов
  • Алина Лишенко
  • Елизавета Клочкова
  • Айназ Амангожина

Спортшыларды және жаттықтырушылар құрамын жоғары нәтижесімен құттықтаймыз!

Айта кетейік, жарыс 19 қыркүйекке дейін жалғасады.