2–4 қазан аралығында Грекияның Салоники қаласында жастар арасындағы самбодан әлем чемпионаты өтті.
Әлемдік додаға 40-тан астам елден 700-ге жуық спортшы қатысып, спорттық және жауынгерлік самбо бойынша жүлделерді сарапқа салды.
Қазақстан құрамасы сапында Алматы қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары да ел намысын қорғап, жарысты үш жүлдемен қорытындылады.
Жауынгерлік самбодан 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қабдракимов Жансанат күміс медаль жеңіп алды.
Ал +98 келіге дейінгі салмақта Мұратбаев Бақытжан қола жүлдеге ие болды.
Спорттық самбодан 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Екатерина Меркель жарыс қорытындысы бойынша қола медаль иеленді.
Осылайша, Алматы қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары самбодан жастар арасындағы әлем чемпионатынан 1 күміс және 2 қола медаль еншіледі.



