Стенд атудан Ел чемпионатынан тағы екі алтын жүлде

Шымкент қаласында 31 тамыз – 6 қыркүйек аралығында стенд атудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Ел чемпионатына Қазақстанның 7 өңірінен келген спортшылар қатысуда.

Бүгінгі жарыс күнінің қорытындысы бойынша Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары екі алтын медаль жеңіп алды:

Артем Седельников — 1 орын (соло-скит);
Артем Чикулаев — 1 орын (соло-трап).

Спортшыларды және олардың жаттықтырушыларын жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік пен жоғары нәтижелер тілейміз!